Сыңайы байқалмайды, оң қабақ танытар емес, ниеті жоқ. ~ Жаманкөз атам сараң кісі болған-ау түрі. Балпан бір сөз қыстырып қалды. – Әйтпесе, немере – шөбере туыс. Аттың майын аяйтын иіні жоқ қой. З.Шүк. ~ “Оу, есіл елдің есін неге ыртасыз?!” — Деймін кейде қапалы, Әй, түйіні көп, иіні жоқ тірлік-ай! Көз алдымда ағып бара жатады, Таза кезім бұлдырай. М.Рай. ~ (Мен сананың жүйесіне құлаймын!) Ой жүйесі жоғалған жер, мінеки, Қолқылдаған қабағындай манағы Иіні жоқ, иығы жоқ иі түскен Құдайдың. К.Мыр.
