Posted in

ИІНІ КИІМГЕ ЖАРЫМАҒАН

Үстіне жақсы киім бітпеді. ~ «Аузы асқа жарымаған, иіні киімге жарымаған» деген сөз де бар. Ж.Баб. ~ Мал дегеннен сынық мүйіз жалғыз қара ала сиырымыз бар. «Қырсыкқан ит қыңыр жүгіреді» деген емес пе, оның өзі сыңар емшек. Көбінесе елден қайыр-садақа сұрап тамақ асыраймыз… Қысқасы, иініміз киімге, аузымыз асқа жарыған емес. М.Әбд.