Posted in

ИІНІ ТҮСТІ

Қапа болды, көңіліне кірбең кірді, еңсесі түсті. ~ «Құрманғазының» оқушысы бірде қанат бітіп шалқыса, бірде иіні түсіп ренжиді. Ыссы мен суықты бірдей көреді. Қ.М.Әл. ~ Осының алдында ғана иіндері түсіп, салбырап отырған жұрт мәз-мейрам боп, дуылдасып қалды. І.Ес. ~ Ең болмаса, асам етi аузымызға бұйырмады-ау, ойбай!» деп кемсеңдеп аяғымен жердi теуiп-теуiп жiбередi. Бәрiнiң иiнi түсiп кеткен. Шарасыз. Т.Сәу. ~ Премьердің баспасөз хатшысы Шұғайып мырза. Жарылғаптың иіні түсіп кеткен, жағынан боздағы шығып жүдеген, әлсін-әлі алақанымен бет жүзін сипап қойып, көңілсіз ғана тілге келеді. Д.Дос.