Posted in

ИІН ТІРЕСКЕН

Бір-біріне тақау, тығыз тұрған; аяқ алып жүргісіз. ~ Көк желек жамылған бау-бақша кілт азайып, ығы-жығы адам мен иін тірескен қоңырқай дуалдар көбейе түсті. Ә.Кек. ~ Босағадан төрге дейін иін тірескен адам. Қ.Тол. ~ Балта есікті ашып бір аяғын жерге түсіріп иығын өсіріп алды– артына қарады. Иін тірескен үй, иіні тірескен машина, ығы– жығы халық. Сытылып кетер жол жоқ. Еріксіз орнына отырды. С.См. ~ Одан да емес, қаламгерлердің иін тірескен жиын-жиналыс, құрылтайларында 400-500 адамның арасынан мені іздеп тауып, мұртынан жымиып тұрғанын көріп, маған алабөтен іш тартатынын, қас-қабағы, қуақы көзінің жылтылы, шын көңілден күлгенінен анық аңдайтынмын. Ә.Сар. ~ Екі жағалауы иін тірескен тал-қайың, шырғанақ пен итмұрын, малға да, адамға да аса қолайлы жер. Б.Нұрж.