Әбден тозды, сәнінен айрылды. ~ Ызасына өзін төрт бөліп, лақтырып жіберсем бе екен деп, кіжініп бір тұрдым да, бірақ онсыз да талай көресіні көріп, умаждалып, иі түсіп біткен бейшара болғандықтан жаным ашыды. Қалтама қайта салып қойдым. Б.Соқ. ~ Таубайлар партияға мүше болып жатса, кеше ғана сіңірі шыққан, бүгін болар болмас иінінен иі түспеген киім жаңа көріне қалған біреулер сотталып кетіп жатты. Б.Қыд.
- Мүләйім болды, жүнжіді. ~ Шапыраштының рушыл қызбақандылары Нұрмамбеттің иі түсіп, әуселесі басылған, момақан нұсқасына қарап қыбы қанғандай еді. Ж.Ахм.
~ Тікірейген қамыс құлақтарынан жан кетіп, мойны сөлбірейіп, иі түсіп қойшының қойға мініп қажытқан мәстек аты
тәрізденіп мырт – мырт желіп кетіп бара жатты. Б.Соқ. ~ Ой жүйесі жоғалған жер, мінеки, Қолқылдаған қабағындай манағы Иіні жоқ, иығы жоқ иі түскен Құдайдың. К.Мырз. ~ Сақалының бурыл тартқаны болмаса қазір де сырт пішіні көп өзгермепті. Бірақ бұрынғы маңғаздық пен екпін жоқ, иі түсіп қалыпты. Т.Ахт.
