Posted in

ИІ ҚАНДЫ

Бабына келді; әбден жетілді. ~ Бұл сөз төңкеріс болғалы талай айтылып, талай жазылып, иі қанған, ескі сөз болса да,
Ақбала шыт жаңа сөздей қып айтты. Ж.Айм. ~ Кей кездерде мен қолыма айлап қалам ұстамаймын. Бірақ ойланып, толғанып
жүремін. Сол ойлағанымның иі қанды-ау деген кезде, күнмен де, түнмен де есептеспестен, машинкамды алдыма алып, сарт-
сұрт баса беремін. Ә.Нұрш.

  1. Ойдағыдай атқарылған іс туралы. ~ Әрине, «илеуі де иі де қанбай» қалғанына шұбаланғыңыз келмейді. Ж.Шәк. ~
    Мүсірәлінің иін қандырған соң, қызыңқыраған бай бір жігітке ым қағып, домбыра алдырды. Жындықара деген жігіті қазақ пен
    сарттың айтысқанын айтып, қонақтарды күлдірді. Ж.Айм.
  2. Құмарынан шықты, қанағат алды. ~ Жас әйелдің илеуіне иіні қанып, дүние шіркін көз алдында кілт- кілт етіп дірілдеп
    тұрған Әбдікерім Бертайдың сөзіне селт етпеді. Қ.Түм.