Дәу қарын, кебежедей. ~ Бұл кісінес — қораны айналып күн батқалы азынап жүрген кебеже қарын Кер биенің дауысы еді. С.Елу. ~ Көшелі көк мойнақ арғымаққа шалқалап жатып алған кербез байдың артында сүліктей қара арғымақ мінген қаншырдай қара бала жігіт еріп жүрді. Сол — осы кебеже қарын Мәмбетпана. Ә.Кек. ~ Қыс бойы кебеже қарын шифоньерлерде сүрленіп жатқан қилы-қилы сәндегі көйлек, жейде, шалбарлар етек-жеңі желбіреп, балақтары шаң сыпырып, көшеге шығып кетіпті. М.Қаб.
