Өзгенің көргенін бұл да көрді, басынан кешті; аяғын құшты, біреудің сиқына түсті. ~ Кімге күліппін? Екі жыл бұрын қасапхана
тарихының тұсында мен де Әшірдің кебін киген жоқпын ба? М.Қаб. ~ Мал баласының мұңын сиқырлы үндермен бебеулеп
бейнелеп тұр. Әлде, мүмкін, Боз інгеннің кебін киіп келген Гүлпаштың өз көңілінен шыққан жалынды арман шығар бұл? Т.Әл.
~ Жетім қалған екі сәби бір кездегі Митяның кебін киді: әкесі бұл екеуін де мүлде естен шығарып, бағу-қағусыз қалдырған
соң, олар сол баяғы Григорийді паналап, соның жаман үйшігінде күн кешіп жатты. Ф.Дост. ~ Айналайын ақиқат та менің
кебімді киіп, киелі жолдан тайды … О.Бөк ~ …бір кездегі құрметті ақсақал, мыңғырған бай, қартайған шағында өз ел, өз
жерінде қашқын кебін киген Сыпатай марқұмның жер бесігін қазып жатып, нық шешімге келдім. М.Мағ. ~ Бәріміз де
Қылидың бір күні кебін де, кебінін де киеміз ғой. Бір сөз айттың деп қыра берсе, одан азар болса соттар, тірі болатын
түрмемнің өзі жақсы емес пе? Б.Қыд.
