.Біреудің көргенін көрді, аяғын құшты, әлдебіреуге ұқсады. ~ Екі сіңлісі Дәмелі мен Ырысты бойжететінін, он жылдан кейін олар да өзінің кебін киіп, екі қазақтың үйінде келін болып отыратынын Күләйім білген жоқ. З.Шүк. ~ Ахметқан қанша қызарақтағанымен исi Найман, Керейдiң ат тұяғы жетер жердегi игi жақсыларымен келiп нұраған төренiң кесiгiне «Тайынша тулап, ыңыршақ сындырмастың» кебiн киiп, ерiксiз бәрiнiң көзiнше айып- ажынды түгелдей төлеп құтылған. К.Сег.
- Ұқсады, біреудің кейпін қабылдады. ~ Осылар қойылып болған мезгілде бір бүйірден қоян кебін киген, екі құлағын ербеңдетіп біреу торт аяқтап қарғылап шығып, секектеп келіп, үстелдің үстіне қарғып шықты. Мұрты қоянша ербеңдеп табақтағы сарымсақтың жапырағына аузын сала шоқия берді. Осы сәтте қанатын сермеп бүркіт кебін киген біреу шығып, үнін бүркіттен аудырмай шаңқылдап қоянға ұмтылды. С.Бег.
