Әлдебір іске зауқы болмады, жалқаулығы ұстады. ~ Осындай қашаған ойды қуалап мұражайға да іліктім. Қырсық қылғанда, оған кіргім келмеді, үлкен саябақты жаяу кесіп өтіп, ентігіп жетсем де, құлқым жоқ. Әрине Фиби сонда екенін білсем, кегежем кері тартпас еді. Дж.Сэл. ~ Көш бастар шікілін сайлап алған қанаттылар керуені шырқау аспанда қиқулап бара жатты. Неге екенін қайдам, жас қаршыға елікпеді дүбірлі керуенге. Жалқаулығы ұстап, кежегесі кейін тартты. Ө.Кәр. ~ Ал біздің шенеунік ағайындардың ішінде не бір шошқалар бар ғой, тепкілеп театрға алып бара алмайсың! Билетті тегін берсең де кежегесі кейін тартып тұрғаны. Н.Гог. * Әйгілі «Нархозды» қол күйдіретіндей қып-қызыл дипломмен бітіріп, одан да айбыны асқан «Плехановканың» аспирантурасына жолдама беріп тұрғанда, «білім онсыз да миымды шертіп лықылдап тұр, тағы қосылса, Эйнштейндікіндей қауашағымды жарып кетер» дегендей кегежем кері тартып, бармай қойғанмын. Т.Сәу.
