Posted in

КЕДЕЙДІҢ КЕРБЕЗІНЕН (КЕРБЕЗДІГІНЕН) САҚТА

Шамаңа қара, құр бекер тыраштанба д.м. ~ Аяғындағы кестелі етік қызыл-шұбар болмай, көк-шұбар болса қандай жарасымды болар еді. Аш-арықтың қызы Шынар да соның біреуін киіп алыпты. Кедейдің кербезінен сақта деген осы-ау!.. Ғ.Мүс. ~ Балекеңе… Анау кішкентайларға көже-қатықтық бірдеңе берсейші. Солардың тәкаппарлығын кектеп қайтеміз. «Кедейдің кербезінен сақта» деген. Қанша көкірек кергенмен оларға бізден жанашыр табылмас. М.Сүн. ~ Кедейдің кербезінен сақта демей ме қазақ. Үйіңде шайқап ішер шалабың жоқ сенің үстіңе қыл-қыбыр жолатпай қақиып жүргенің кімге керек? С.Дос. ~ Қарашелектің есіне Қарадиюдың: кедейдің кербездігінен сақта дейтін нақылы түседі, лесхозбастықтың алдында тыраштанып, құрдай жорғалап, қудай таранған сұлу әйел елестейді. Қ.Ысқ.