Кедей адамға қолайлы д.м. ~ – Сіз осының несіне қызығасыз?! –Қолтығы, шықшыты, кеудесі кең. Ол тынысы кеңдігінің белгісі. Жер соғары жоғары, тұяғы қалың – құйма тұяқ, қанша шапсаң қызбайды. Құйрығы, сіңірі, әлді, жағы жалпақ-қоян жақ, сербегі көтеріңкі – зорын таппай талмайды. Тесі төмен, бауыры жазық, жоны тартыңқы, асықты жілігі ұзын, – бота тірсек – адымы мейлінше алымды. Дәуде болса шыға сал, алдына жуырда мал салмас. Жүйрік әрқилы, балам. Бұл шапсаң жүйрік, мінсең берік, бір ай жіберсең бір елі қазы бітеді – нағыз кедей қол. Сырттан байқап жүріп сұрап едім. Қолға түсті. Тек қайырлы болғай-ақ. Ғ.Мұст.
