Ұшырасты, тап болды, кезікті, беттесті. ~ Өзіне белгісіз бір таңба болған соң: “Бөгде қазақтікі шығар”, — деп, іштен жұбанып, сондайға кез болғанына кешеден бері ырза еді. М.Әу. ~ Шамалғаннан өтіп, Шомқалғанды басып, Жалғызаяққа таянғанда айдалада, қырқа ішінде кез болды осы алғыншы Күніш. Б.Қыд. ~ Бірақ күндіз-түннің бірінде неғылса да бір қапысы болмай тағы қоймайды. Көксерек дәл соған кез келгендей, дап-дайын болады. М.Әу.
