Posted in

КЕЙПІН КИДІ

Әлдебір жағдайға түсті, кебін киді, сиқына түсті. ~ Өз өзіңді демеп, жігеріңді жанымасаң, жүрегіңде от болмаса, өзгенің дем бергенінің пайдасы шамалы. Қанша қайраса да өтпейтін ағаш пышақтың кейпін киесің. Ә.Ысқ. ~ «Бұрын, өз үйінде жүрген кезде, бұлардың да соңынан аңдушылары қанша болды екен. Сол кезде қанша зығырданы қайнағанмен, басқа түссе баспақшы – енді өздері де сол күзетшінің кейпін киген. С.Жүн.