Ренішін байқатты, қабақ шытты. * Одан біз: “Сиырыңның елі не еді, жері не еді, тегі не еді” деп арғы атасын сұрады дейсің бе. – деп шал кейістік білдірді. О.Әуб. * «Иә, мұндай адам бір емес үш әйел алам десе де, бұл үйде кейістік білдірер кісі, тірі жан көрінбейді». М.Сүн. * Əйел адам «Ой, шырағым-ай, қазақтың қыздары жасық қой. Өзіміз үйретіп алар едік», деп біраз кейістік білдірді. С.Досж. ~ Жігіт отты көзімен жалт қарады. Мен анама «жанды жеріне тидің-ау» дегендей үнсіз кейіс білдірдім. Жігіт алдындағы намыс және бар. К.Қаз. ~ Состиып тұрып қалған Серікбай солым аздан кейін бұл іске кейіс білдірді. С.Ел.
