Posted in

КЕЙ КЕЗДЕРІ (КҮНДЕРІ, ШАҚТАРДА, СӘТТЕ)

Әлдебір уақытта, кейде. ~ Ең арғысы әнеу күні көз бояйтын қарындаш арқылы менің қышымамды жұқтырып алған Кәмила кей кездері жанын қоярға жер таппайды. С.Дос. ~ Ал қыстыгүні кешке жақын кей күндері Аспантау ап– анық, әсіресе шыңдарын батар түннің қызылы шалғанда лағыл тас алаулағандай болып, көзге оттай басылатын. Ш.Мұр. ~ Түн жүрді, күндіз жатып кей шақтарда Ыстықта су бойына паналады. БС. “Жәнібек б.” ~ Кей сәтте Әсемді тереңірек жерге апарып: «Ал енді өзің жүз», — деп қоя беріп, қорқытатыны бар. Қ.Жұм. ~ Алдында жатқан ақ қағаз кей сәтте оған қар жамылған шетсіз– шексіз қысқы дала тәрізді болып елестейді. Қ.Жұм.