Posted in

КЕКІЛІ ЖЕЛБІРЕДІ

Маңдайын желге төседі. ~ Таяу маңда басқа төбешіктерден гөрі еңселірек шоқы болса, соның басына көтеріліп, әлдебір биік тастың үстіне шығады да, бір қалыпты соққан қоңыр самалға кекілі желбіреп, ирелеңдей созылып барып көз ұшынан өшетін жам жолға қарап ұзақ отырады. М.Мағ. ~ Қоңыр көздері ұшқын атып, кекілі желбіреп, құлдыраңдап жүгіріп жүретін інім бір күні жата беретінді шығарды. Ж.Шам. ~ Алдындағы отарлы бағланы байдікі болғанымен, кекілі желбіреп, көзі жаудырап, ертелі-кеш Семейге алып баратын үлкен жолға қарағыштай беретін арманшыл бала қиялы тым биікте еді. Ы.Ож.