Әлдебір іске бел байлап, шешімтал кірісті. ~ Ұзақ сапарға шығарда, ұрысқа кірісерде, барымта алдында аттың кекіліі мен құйрығын түйіп байлаған. Сондай- ақ, дау-дамай шешуге барар кезде де кекілін түйіп баратын. Ол бір іске бел байлауды білдіретін кекіл түйді деген мағынада қолданылды. Ал, ат кекілін кесіп аттану алған беттен қайтпайтынын білдірген. Сайып келгенде, кекіл, кекіл түю, кекіл кесу т.б. жағдайлар ант, серт берудің белгісі ретінде қызмет атқарғаны байқалады. EL.KZ
