Мөлшерсіз жеген тамақтан асқазаны бұзылды, жүрегі айныды. ~ Күтпеген жерде Рәш кіріп келді. Ол: – Кеше сары төбет құйрық асатып, кекірігім азып қапты. Қара жүрек болмасам тұқымым құритын түрі бар. Құрымдай қара шай құйшы! – деп Зияшқа бұрылды. Т.Әл. ~ Қол жуып, кең залдағы дастархан басына жайғастық. Сүрінің хош иісі танау жарып, алдымызға үйме табақ ет келді. Бес мешкейдің кекірігін аздыртар төретабақ. Т.Сәу.
- Тойынды; тоқтықты көтере алмай қалды. ~ Екі қолын алдына сыйдыра алмай іші пысып отырған император мен тоқшылықтан кекірігі азған сарай маңындағы алпауыттарға не керек? Қ.Жұм. ~ Осы күні ойласам, ол ойынымыз – кекірігі азған бай ел Америкада «гольф» дейтіннің сыңары сияқты. Ш.Мұр.
