Posted in

КЕЛБЕТІ КЕЛІСТІ

Бет-әлпеті, түр-тұлғасы әдемі, керім. ~ Мектептегі ең үздік оқып Алтын белгіге үміткер, мінезі салмақты, бойы ұзын, келбеті келісті Нұржанды ұнатқан қыздар болған шығар, бірақ қазақы ибадан асып өз сезімін білдіргендері болмады. С.Досж. ~ Қолынан іс келмесе, жігітке көрікті келбет пен сымбатты түр-тұлғаның пайдасы шамалы. Өмір осы қағиданы Хуги Эрзкайнға жақсылап ұқтырды. Шашы қоңыр, көзі сұр, келбеті келісті Хуги қандай кәсіпті қолға алса да, шаруасын дөңгелете алмай-ақ қойды. О.Уай. ~ Шынында да жас келін періште екен, Көзді тартқан келбеті келісті екен. А.Ас.