Мазақтады, күлкі етті. ~ Ақылыңа өлшеп бұл сөзді, Өрістеп ойың толғасын. Келемеж қылған шалыңыз Бармақтай байғыз болмасын. Д.Баб. ~ Шынымен бе? Жоқ, сіз мені келемеж қылып отырсыз. Өйтпеңізші ағатай, өтінемін, — деді ол жас балаша лезде мұңая қалып. Д.Ис. ~ Жанынан жақын ері Сәрсенбайға да айтқан жоқ. Сондықтан Шолпанның мынау мінезі Сәрсенбайға да, басқаларға да жат, оғаш көрінді. Жақыны да, жаты да күлісті, келемеж қылысты. «Ой, сен пірәдар болайын деп жүрсің бе?» – деп күлетін болды Сәрсенбай. М.Жұм. ~ Тіпті Кенжебекке шекесінен қарап, оны келемеж етушілер өздерінен он есе мықты палуанның тізесінің астына түскендей қол-аяқтары жансызданып, тілдерін кәлимаға келтіре алмай үнсіз томырылды. Ұ.Досп.
