Жекпе-жекке дайынмын д.м. ~ Ал, Әділбек ағасының бірінші сөз шоқпарына иығын тосып, сазарған күйі онан көзін алмай, «келсең кел» деген қайсар пішінде қалды. Х.Ес. ~ Осы үйдің ол бастағы түпкі ие¬сі¬нің көзін көрген шай жәшіктің жұқа тақтайынан быту- сыту құрастыра салынған бұл неме қасақана «келсең кел» деп, шамасы келгенше желдің өтіне кеудесін төсеп, қасқайып- ақ тұрған. М.Қан. ~ Соның өзінде де жеңуің «келсең кел» айқаста белгілі болады, Қырандар «келсең келді» сүйеді. Ш.Айт. ~ Ауылын алты айналып көрдім жерін Біз, сірә, ала алмаймыз мұның елін. Жатқандай «келсең, кел» деп сақадай сай, Ел екен бас-аяғы жиын-терін. БС “Он сегіз”.
