Қысқа сөйледі; ұзаққа созбады, тез бітірді. ~ Аққұл ағам осылай ұзақ шұбыртып, батасының аяғын қалай аяқтарын білмей қысылыңқырап та қалды. Тап осы жерде жұрт та ду күліп жіберді де, Аққұл келте қайырып, «құдай қабыл қылсын!» деп сақалын сипады. Б.Мом. ~ Құран оқып отыр екен. Не оқығанын білмеймін, тым келте қайырып, бетін бір сипады да, көзінде жас мөлтілдеп «тие берсін!» деді. Ә.Сәр. ~ Ол сөзді созғысы келмегендей келте қайырды. Ж.Шәк. ~ «Ерiктi пендемiн» десең де, еркiңдi бiр амалын тауып алып беруге аянып қалмаспын! – деп, төре де кесiмiн келте қайырған. К.Сег.
