Бабына келді, пісіп-жетілді, толысты, өсіп-өркендеді, барынша дамыды. Шарықтау шағына жетті. ~ Не дерін білмей үні тарылып, кеудесі қысылған. Иығынан баса, кемеліне жете қайнаған кек кернеді көкірегін. Т.Рыск. ~ Тіл үйіріп, көмей қытықтайтын, тынысын ашып тұла бойына қуат дарытатын арқар жусан- ның кемеліне келген кезі ғой. Ө.Кәр. ~ Қалқаманның өзі батыл бала болатын. Он үштен асып, он төртке шыққан ол, өзін кемеліне келуге жақындап қалған еркекке санайтын. С.Мұқ. * Тарим бойындағы аңшылардың тағы түйені аулайтын кезі көбінесе күз айлары, бұл уақыт тағы түйелердің әбден кемеліне келіп, семіріп жетілетін кезі. Ә.Марғ. * Көктемнің нағыз кемеліне толған бұла шағы. Алтай бөктері көкжасыл көрпесін айқара жамылып гүл-жапыраққа малынып жатыр. Қ.Ысқ.
