Posted in

КЕМЕЛ ШАҚ

Адам бойындағы күш-қуаттың, ақыл-ой, дарын-қабылеттің барынша дамыған, жетілген кезі. ~ Жас та емес, жасамыс та емес. Күштің толысқан, естің молыққан кемел шағы. Орта түс. Ү.Жәл. ~ Адамдардың моральдық жағынан ең ұстамды кезі, халықтың тұрмысы мен адамгершілік ақыл– ойы бір– біріне сайма– сай келетін ең кемел шағы көне заманда жатыр деген ұғым бертінге дейін үстемдік етті. Қ.Жұм. ~ Пенде атаулының ғұмыр бойы іздейтін, қолы жетпей аңсап өтетін “бақыт” деген ұғымы, тегі, осы болар. Сол бақыттың да кемел шағы, өлшеулі шегі болатын шығар, сірә. Ә.Асқ.