Posted in

КЕМШІН СОҚТЫ (ТҮСТІ)

Осал болды, жетіспеді. ~ … талабың оң екен, бірақ көркемдік жағы әлі де кемшін соғып жатыр… үлкен ақындардың өлеңін көбірек оқып, іздене түс…” деп сенім артқан хатын алып, аядай ауылға “бала ақын” деген атым дүрілдеп шыға келген. Т.Сәу. ~ Тақырып ауқымды болғанымен, қолға ұстайтын нақты дәлелдер кемшін түседі де, бірден старт алған сыпсың келе- келе білтесі түгесілген шам секілді көмескілене береді. Қ.Жиен. ~ Екі ауылдың арасында жортып жүріп, тәрбием де кемшін түсті ме, әйтеуір сабаққа да зауқым соқпайтын құлықсыз болдым. АҚ. (“Әкем болса…”)