Posted in

КЕМІС КӨРДІ

Кемсітті, қорлады, намысын аяққа басты. ~ Бір кездері кенелткен жеміске елді, Өзіңді де біреулер кеміс көрді. Қурап бара жатқанда жапырағың, Жариялылық арқылы жеңіс келді. Қ.Әліб. ~ Құрбым, осы жеңістерің, Ұштай түсті қаламымды. Қол жеткенді кеміс көрдім, Мен де іздеймін жаңа жырды. М.Әлімб. ~ Қауға сақалдылар атып-асып, аналарымыздың қарнын тілгілеп, ішіндегі сәбиімен қоса өлтірсе де үндемедік, адамдарды ажал оғына нысана еткен жауыздарды жазалай алмадық. Орыс тілін білмегенімізді кеміс көрді. Өздерін артық, айрықша жаратылған ұлт санады. Т.Айт.