Posted in

КЕМ БОЛМАДЫ

Пара-пар, сай, кем соқпады д.м. ~ Абайламай айрылдым Аржақтағы елімнен – Анау Нарын деген жерімнен. Тірі кеттім демеймін – Кем болмады өлімнен. Махамбет. ~ Абайға “қолыңнан келсе, тілің жетсе, осы пәледен елімізді құтқарып бер. Бұл ертегінің екі басты жыланынан кем болмай тұр. М.Әу. ~ Шықты Бастер Сұмдық жекпе-жегіне! Жылдамдығы Кем болмады жай тастан, Оның жайын Сұңғылалар байқасқан, Жан алысып, Жан беріскен сәттерде, Ұлын қолдап, Ана рухы шайқасқан! Б.Әлім.