Аз дегенде. ~ Айналасы құлан елсіз. Кем қойса бес шақырымнан жақын жерде ешбір жан иесінің мекені жоқ. Өзі жым-жырт, қап-қара дала түні. Неткен ұзақ түн? Айша бұл күйге түскелі қашан? Жалғыз басы. Жап-жас әйел. М.Әу. ~ Аз ауыл Ырғызбайды, кем қойса, басқа жиырма атаның iшiнде, айқыш-ұйқыш, iлiк-шатыс, қарға тамырлы тұзақ шырмауығы жатады. М.Әу. ~ Мазы аңғарын өрлеп көкпар тартқандай құжынаған қара қорым аттының төбелесі кем қойса бір шайқайнатымға созылған. Ж.Ахм. ~ Өлейін десең, көрге де жібергісі келмейді. Онда кетсе Базаралы аман кетіп, жетісіп кетер ме екен деп, тағы қызғанады. Соны ойлап, мыналар кем қойса көріме шеңгел тастайын деп отыр-ау деймін! Ал тағы тұрып қалдым. М.Әу.
