Қатты шөлдеп, аузы құрғады. ~ Үп етіп жел тұрса болды кенезесі кепкен ақ бозаң жерден шаң көтеріліп, бүкіл әлем тозаңға айналады. О.Бөк. ~ Сіміріп жатыр, сіміріп жатыр. Кепкен кенезесі тойып болатын емес. Е.Зей. ~ Қарны ашқанға қара су да бал татиды дегендей, кенезем кеуіп келіп ем, шөлім әбден қанды. Пейілмен берген қара су да бойға қуат. Рақмет ниетіңе, Тоқты! Қ.Тол. ~ Бірақ, бәрібір тұтас көлді сарқыса да сарығы басылып, кенезесі кепкеннен, дүлей шөлден арылар түрі жоқ. Е.Зей. ~ Ала жаздай кенезесі кеуіп, жалғыз тамшы тамбай тандырланған сараң көктің көбесі сөгіліп кеткендей толассыз сорғалауы күзеуге жаңадан ғана келіп қонған Омардың зықысын әбден алып еді. О.Бөк. ~ Кең жердің кенезесін кептіріп…Тамның төбесі мен есіктің алдына егін еккен жігіттің жігіті- ақ қой. Қ.Түм.
