Жүрек жалғады, қауқар қосты. ~ Үйде кенеу болар тамақ жоқ, арықтан өлген бұзау-торпақтың су татыған жасығы жүректі кесіп, төмен тартады. Жалаң жасықпен жүрсе, әлдеқашан аштан өлер еді. Әйтеуір әбүйір болып, әжесі байғұс тісті бақаланып, қысып-қымтырып жүріп қойдың бір жамбасын сақтаған екен. Күнде сиырға барарда сол майдан ерітіп:
«Жүректерің үзіліп кетер», – деп екеуіне екі қасық май ұрттатып жүрді. Күн ұзын соны нәр қылады. Әкесі үйдегі көтеремдерге қораның жамылышын, көр-жерді қағыстырып әперіп, бір мезгіл бел байлау қылсын деп, сиырларға қар астынан қара құмақ аршиды. Ж.Айм. ~ Қаңқайған сүйегі болмаса, етінің нәрі жоқ. Жесең, аузың су татиды. Қоғаның басындай үлпілдеген неменің кенеуі қайдан болсын! Ә.Кек.
