Біреу үшін жауапкершілік артты. ~ Әрі малдан айрылып, әрі егіннің тілін біле алмай, әрі сайманға, көлікке жарымай, итшілеп, дертке-дерменге шалдығып, азып-тозып бара жатқан жоқ па? Сондықтан кәзір отырықшы болғаннан қазақ оңалып кетеді деп кім кепіл болып, аузы барып айта алар? Ж.Айм. ~ «Қаумен тайқып шықты. Кепіл болмаймын. Ақ деп ара түспеймін деп, аяғын тартыпты. Қарашаның аулы айыпкер боп шықты!» деп, Ырғызбай іші өрекпи жөнелді. «Ағайынмын деп отырып, жаттан бетер қастық етті. М.Әу. ~ Ол да аз: «Міне, жиырма бес жыл болды, Қазақстан дүние жүзінің қауіпсіздігіне кепіл болып келеді!» деп те көсіліпті бір депутат. Ғ.Қаб.
