Аяғын алшаң, маңғаздана басты. ~ Өзінен еріксіз аяқтары қонақ үй жаққа қарай аяңдады. Қонақ үйге таянған кезде, екі қолы қалтасында шартиып, үйіне қарай кердеңдей басып, болыс келе жатыр екен. Ж.Айм. ~ Мана нарттай Нығман күреске шығарда қанын ішіне тартып, сұп-сұр болды. Бірақ асықпады, саспады, кердеңдей басып, майданға барды. Ж.Айм. ~ Кердеңдей басқан батыр ‹‹асықпаңдар, бәріңеде береміз›› деп қатал сөйледі де, аба толы жылқыны азаматтарға бірден ұстатып шығарып шыңғырта жығып бауыздап жатты. Б.Жұм. ~ Күн көтеріле дүр сілкініп орнынан тұрған Тентек Текебай баққа шығып, жеңілейіп алған соң, кердеңдей басып, бұзылған шекара сызығына барды да, құрама, ескі шарбақты жұлып-жұлып алып, өзінің бұрынғы орнына, әуелгі межеге апарып тастады. М.Мағ.
