Маңғазданды; әлдеқандай болды; аяғын алшаң басты.
~ Екі тәулік бойы ауылдың құрметті қонағы болған Саурық құда қызба думан ішінде кердең қақты. Ә.Шәр. ~ – Міне, мынау мен түсінетін айқын да әділ сөз.— Қар адамы орнынан тұрып, етегін қақты, кердең қағып есікке беттеді. М.Қаб. ~ – Мен татардан қатын алсам – ол сенің шешең, Құдайға шүкір үш баланың анасы. Келінім секілді пұшпағы қанамаса да кердең қағып, кепиетсіз жүрген жоқ. О.Бөк.
