Posted in

КЕРЕГЕНІ КЕҢЕЙТТІ

Өрісін ұлғайтты, үй болды, басына бас қосылды. ~ Келін түсіріп, керегені кеңейтіп дегендей от басының иесі табылған соң, көңілі жайлаған Мерген баласына бір күн өзінің аңға шыққалы отырғанын айтқан. К.Сег. ~ Қазақтың сол тұстағы зиялылары қос газетті мәмлеге келуге береке-бірлікке үгіттеген. Қорыта айтқанда, қос басылым да қазақтың керегесін кеңейтіп, қемел елге айналдыруға талпыныс қылды. БАҚ. ~ Алтын ұя дарытып берекесін, Бүгін де олар кеңейтті керегесін. Кешегі ұл-қыз бұл күнде жайып бұтақ, Әлдилейді базбірі немересін. Ғ.Қож.