Posted in

КЕРЕГЕСІН ТҰРҒЫЗДЫ

Іргесін қалады. ~ 70 жылдай коммунизмде өмір сүрген соң, әйел теңдігіне үйренген соң, қазақ халқы қазір нарық заманына бейімделіп, керегесін тұрғызып, шаңырағын тіктегесін өзінің көне дәстүріне қайта оралуда. БАҚ. ~ Қазақтың ұлттық театрының алғаш керегесін тұрғызып, шаңырағын көтерген, қазір халықтың сый-құрметіне бөленіп отырған Қалыбек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Күләш Байсейітова, Елубай Өмірзақов, Жүсіпбек Елебеков, Құрманбек Жандарбеков, Қапан Бадыров, Әбікен Хасенов, Жұмат Шаниндердің алғаш сахналық мектебі де Қоянды жәрмеңкесі, ауылдағы сауық-кештері, жоғары оқу орны мен өндіріс жанындағы көркемөнер үйірмелері еді. Қалт. Мұх. ~ Ұлыларымыз керегесін тұрғызып, уығын көтеріп, шаңырағын тіккен қасиетті ордамыз – Қазақстан Жазушылар одағының заманға сай жұмыс істеп келе жатқаны шындық. Алаш арыстарының аманаты болған алтын төрімізді осыған дейін абырой-беделімен осы күнге жеткіздік. БАҚ.