Posted in

КЕРЕГЕСІ КЕҢ ЖАЙЫЛДЫ (КЕҢІДІ)

Шаңырағы биіктеді, әл-ауқаты түзеліп, тұрмысы жақсарды, өрісі кеңіді. ~ Құлыным-ау, олар кім, сен кім? «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген. Мына жаман күркеңе ат ойнатып келсе, шаңырағыңды ұстап тұрар уығың мықты ма еді? Болмаса керегең кең жайылып па еді? Б.Қанз. ~ Сол дүрмекте Күнестің Бестөбесіне мәлі түсіп, көше тартылып, ал дегенде ауқаттылар бастап үй салды. Кейін мәлінің керегесі кең жайылып, бірталай көшпенді отбасылар отырықтаса бастаған. Т.Рыск. * Енді бұл экономикалық интеграцияның керегесі де кеңіді. Қазақстан, Ресей, Белоруссия қатарына Армения қосылды. БАҚ.