Қарғыс. Өлердегі асыңды іш д.м. * Бала – бақшада, күйеусымағын атау кереңді ішіп тезірек өл деп, араққа басын малып қойды. Т.Сәу. * Есенқұлдың былбыраған майлы шықшыты былқ етпестен бедірейіп біраз турды да: “ішерсің атау кереңді!” — дегендей керсен бөксесімен торс бұрылып бүлкілдей жөнелді. Қ.Ысқ. * Содан әлгі жерде, торсықтан құйған бір тостақан балдай қымызды іштім де, одан өрі көп отыра алмадым, жылқышылар “жүреміз түнделетіп”, “ал іштің ғой атау кереңді” деп, тіпті өзімді ана бір Тонтидың қара домалағы жекіп, құйрығыма қоныс таптырмады. С.Жүн.
