Posted in

КЕРЕ ҚҰЛАШ

Халықтық өлшем, екі құлаштың арасындай; өте кең, жалпақ д.м. ~ Тегін тамақты, өлең жеген өгіздей соға беріп, күжірейіп семіріп алғанын қарашы! – деп Шәріп, Жолдыбайдың екі иығы кере құлаш, желкесі бұжыр- бұжыр, сәл еңкіштеу, жалпақ жауырынына көз жүгіртті. Т.Рыск. * Қос жауырын кере құлаш садағын кезенген қалпы әлдекім шалқалап құлапты. С.См. ~ Боразда үстіне боразда сұлап, үш сабаның жолы кере құлаш жосылып қала береді. Х.Ес. ~ Орнынан жайлап тұрып, ұзындығы кере құлаш, қызыл емен столды айналып келiп, бұлармен қол алып сәлемдестi. Т.Сәу.