Posted in

КЕРТ ҚАРА БАСЫ

Соқа басы, жалғыз өзі. * Рас, біздің өкпелейтін орнымыз бар, егер де басшыларымыз бастан-аяқ жолдан тайса, бағаналы шын сөз, толық ақыл сын айтуды қойса, болмаса өзінің керт қара басының ғана пайдасын ойлап кетсе, сол үшін қиямет етсе, сол үшін таласса, олай болмаған күнде құр «сөздерің екі айыр шықты, сендер бізді оңдырмассындар!» деп қортаңдаушыздың реті жоқ. El.kz * Сонда Үйсін Төле би айтты дейді: – Ә, балам, жігіт адамның керт қара басына үш кесір бар. Ол үш кесірдің бірде-бірінен аман болған адамның қарны ашпайды, өзегі талмайды, аштан ҿлмейді, телміріп кісіге бармайды, – дейді. Р.Ақм.