Posted in

КЕРІ КЕТКЕН

Жолдан тайған, кері жүрген. * Қадірін біле ме сонда да қорқаулар! — Қайран азамат, кері кеткеннің босағасында шіріп жүр ғой. М.Әу. ~ Сендердің қайтадан ел болғандарыңды көргім келеді. Қалқоз деген кері кеткеннің ұйымы екен. Б.Қыд. ~ Жалғыз үн, жарық қобыз, Молықбай шал, Тартар ма керек күйді – көкей тескен?» Жоқ, тартпас, қобыз үні кері кеткен Берінің ыңыранғаны – белі кеткен. Болмаса ажал күтіп анау шалдың, Жұртта қап еңіреуі – елі кеткен. І.Жанс. * Екі кері кеткен қосылған екен!.. Тәуір мырс-мырс күлді. — Екі кері кеткен қосылған екен! З.Шүк