Қасақана қарсы сөйледі; кежегесі кейін тартып, жөн-жосықсыз пікір айтты. ~ Кері сөйлеп, ылғи кері мінез көрсеткендіктен бе, жұрт оған көп жоламайды, өзі де ешкіммен жуыспайды. К.Қаз. ~ …отырғандар Боташты кекетіп ала жөнелді. – Мұның ежелгі әдеті. Кежегесі кейін тартып, қашанда кері сөйлемесе, іші ауырады. С.Жүн. ~ Сосын бізді әбден ығыр еткен бір үгіт — адалдық. Меніңше адалдық та жалған. Иә, солай. — Өй, кетші әрі. Кері сөйлемей. М.Сүн. ~ Жайшылықта үлкен-кішіге бірдей кежегесі кейін тартып, кері сөйлеп тұратын Әбжал Еркөбектің алдында шаруаның жөнін білер ептілік, жосықтық танытты. Н.Дәут.
