Ауыртпалығы мол, тар жол, тайғақ кешу заманға тап болды.~ Әділеттің ақ жолына аз жүрген соң шөп өсті. Арамдықтың соқпағы көп жүрген соң, кеңейе түсті. Кер заманға кез болдық. Кер айылдап ат мінелік. Кек соқтада жол түсті, ат құйрығын шарт түйелік. Қойдан қоңыр елің бар. Айнала торыған бөрің бар. Сол берінің, арланын амалдап бір көрсек деп келдім. Ақыл, амал арыстанды да бағындырған… Ғ.Мұст.
