Кербез сұлудың көз тартар сүйкімді де жарасымды қимылдары туралы. ~ Кер маралдай керіліп, ақ жаулығы көлбіреп ақ боз үйге сүйеніп, атқан таңдай масайрап Күлшежаны тұр еді. Ж.Айм. ~… кимешегінің жағы меруерт-маржанмен шеттіктелген, кер маралдай керілген сұлудың шытырма көйлек етінен, нұр сәулесі бетінен кеткен заманда … Б.Қыд. ~ Кер маралдай керілген аппақ Ақбота ақ жібек жаулығы, көк атылас кең етек көйлегі көлбеңдеп бәйек болып жүр. С.Жүн. ~ Бәлкiм, жастықпен, бәлкiм мастықпен жүрiп байқамаған шығар, «осы қылықтарым оғаш болды- ау» деп, өзi де ой жiберiп көрмеген болар, алайда кер маралдай керiлген Күлiмхан тоқалдың мiнсiз бейнесi жатса түсiнен, тұрса есiнен кетпей қу жанын қуырып жүретiнi де, содан қымыз iшудi сылтауратып, ол үйге жиi баратыны да рас едi. К.Сег. ~ Сылаң қағып, кер маралдай керілген, Бөксе соғып, қос бұрымы төгілген. Жәудіреген құралай көз, қолаң шаш,
Көрген емес мұндай сұлу өмірден. Е. Жақ.
