Posted in

КЕР ТАРТПА

Алға бастырмайтын, жаңаға жол бермейтін ескішіл көзқарас, соны ұстанатын адам. ~ Қалада көпескенің көк сорпасын ішіп, көзімді көгертіп, оқу оқығаннан да, ел ішінде ет, майға тойып жүрсем, сол рақат деп қарайды. Бұл деген нағыз артта қалған, кер тартпа, тоғышар адамның пікірі… Б.Соқ. ~ Мұның бәрі жергілікті ұлтшылдардың кер тартпа, кер ауыз байбаламы! Тарих таразысына түскенде мазаққа ұшырап жүрмеңіздер! Б.Тоғ.