Posted in

КЕР ҚҰЛАНДАЙ

Құланның сұлу да шалт қимылына теңестіру. ~ Қиғаш қара қасы бар, Қолаң қара шашы бар. Сырты сұлу, сымбатты, Кер құландай керілген; Ішкен асы сұлудың, Тамағынан көрінген. А.Байт. ( “Ер Сайын”) ~ Аллаға сансыз хамду зікір айтам, Сөзімде айып етпе болса қатам. Алыстан келді аңсаған кер құландай, Өзіңе сәлем жазып, жауап қатам. Ш.Көб. ~ Бес жаста тайға міндім ашамайлы, Болғандай көңіліме аса жайлы, Он жаста орғыдым мен кер құландай, Өсетін бала ғой бұл дер бұлаңдай, Он бес жас – бала менің махаббатым. Б.Тоб.