Posted in

КЕСЕК МІНЕЗ

Ірілік пен мәрттіктің адамның іс-қимылы, әрекеті, сөзіндегі көрінісі. * Құнанбай кесек мінезі мен қаттылығын әншейін ағайынға ғана емес, әке- шешесіне, жанашыр жақынға да бірдей көрсеткен . Т.Жұрт. * Мұндай дәулетті кісілердің қайсысы ақшамен шай қайнатыпты. Оның ар жағында адамның ерлік тәуекелі, мәрттігі, кесек мінезі жатқаны даусыз. Қ.Жұм. * Жүріс- тұрысы нық, сөзі санаулы, санасы шайдай, бетіңе қасқайып қарайтын отырысының өзі- ақ көңілге сенім ұялататын кесек мінезді танытқандай. Қ.Ысқ. * Сақ болғайсың, – деп Ану – хатун семіз денесін саспай қозғап, орнынан көтеріле берді. Сабырлы, кесек мінезді сұлу бәйбішесінің күдігі ой салды. С.См. * Қазақтың қаратақыс қисынына салатын болсақ: Әділдіктің өзін кесек мінезді қаталдығымен жүргізген Құнанбай Әйбәттің тосын қазасынан кейін оның өзі айтқан «ерегеспе көк ауруы» ұстап, жазықтыларды жазасыз жібермеу үшін де Нұрғанымды тоқалдыққа алған. Т.Жұрт.