Жеме-жемге келгенде, шешуші сәтте, сайып келгенде. * Ал енді мұнан соң да Жорға Нұрымның түрткісімен “ақылды” ағалары кезекпе-кезек келіп тыныш таптырмады. Омар ең қысылып, кесер кеңірдекке келген уақытта: — Қамар көнбейді. Анау күні Қасен де қайта-қайта тапсырып еді: “Айтаққа еріп, Қамарды шатастырып алушы болма” деп. Омардың айтысы сол-ақ екен, жан-жағынан дүрсе қоя берді. С.Тор. * Бала атасына бір күйік, ауырса, ренжісе алдымен ата-анаға батады. Жұғымсыз мінезіне қынжылып, сәтсіз қадамына налысады. Кесер кеңірдекке келгенде шұрқырап ара түседі. Сол қадірді бала біле ме? З.Ақыш.
