Қарсы келді, көлденең тұрып, кедергі жасады, бөгет болды. ~ Алда соры қайнаған балам-ай, шыныңды айтып, қоштасып кетсең болмайтын ба еді, жылап- сықтасам да жолыңа кесе тұрмайтын едім ғой. Ш.Айт. * Адамшылықты шоқыншылық демеңіз. Сол қызылдар емес пе, жайлаудан түскенде ақтардың алдынан кесе тұрып, осынау ауылды, оның ішінде сізді де аман алып қалған. К.Қаз.
