Малдың мойнын бұрмайтындай ғып ағашпен бекітіп тастау. ~ Ауыл ортасында құйрығы керсендей үлкен қызыл қошқар екі артқы аяғымен кезек-кезек ішін соққылайды. Үпегі құрттаған болар. Шеткі үйдің жанында кескек байлаған бір қара қой күн қызбай-ақ көлеңкелеп тұр. Б.Қыд. ~ Лапаста жатқан Жолдыаяқ арсылдап үрді. Есікте сыбдыр білінді. Біреу сипалағандай болды. Үй адамдары шайын тоқтатып есікке қарады. Кескек байлаған қойша мойнындағы қылышы салақтап, винтовкасын сүйретіп, Құрымбай мен Кебекбай артынып-тартынып үйге кірді. Б.Майл.
- Қосақтады, байлап тастады. ~ Шертеді кеңес тоқтар өткен күннен, Келмеске бірте– бірте кеткен күннен. Қосақтап махаббатқа кескек байлап, Шермиген сансыз сары дерттен күннен. Т.Әл.
